БҚО-да адам өлтіріп, қашып кеткен күдіктіге іздеу жарияланды
<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен 31 жастағы ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Мой город» басылымының дерегінше, облыстық полиция департаменті Данияр Мақсотовты іздеп жатыр.
Күдікті орташа денелі, шашы қара, көзі қоңыр.
- Күдікті азамат туралы көріп-білгендер болса, БҚО ПД-нің кезекші бөліміне 102, 8 705 747 99 99, 8 7112 98 45 30 телефондары арқылы хабарласуды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2024 жылдың 5 ақпанында мессенджерлерде Абай полиция бөлімінен хабарлама таратылды. Онда үш ер адамның «аса ауыр қылмыс» жасағаны үшін іздеуде жүргені айтылды. Олардың арасында Данияр Мақсотовқа ұқсас адамның суреті де болған.
2024 жылдың 2 ақпанында Дәулеткерей көшесіндегі жеке сектордан зорлықпен өлім белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Сол кезде полицейлер қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш ер адамның іздеуде жүргенін растады.