Спорт
1 мин оқу 150

Норвегия - Қазақстан ойынын қайдан көруге болады

<p style="text-align: justify;">Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Норвегиямен ойнайды. Ұлттар лигасының соңғы турындағы бұл ойын Ослода өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Норвегия - Қазақстан ойынын қайдан көруге болады

Ойын Қазақстандағы уақытпен сағат 22:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетілім таратады.

Норвегия ойындағы айқын фаворит саналып отыр. Қыркүйек айында Алматыда өткен ойында екі құрама 0:0 есебімен тең тарқасқан еді.

Ұлттар лигасының В дивизионындағы 3-топта Қазақстан 5 ойыннан 1 ұпай ғана жинады. Ал 10 ұпай жинаған Норвегия мен Аустрия құрамалары бірінші орынға таласып тұр. Словенияда 7 ұпай бар.

Станислав Черчесов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында әлі бірде-бір гол соққан жоқ.

Бөлісу: