Оқиға
1 мин оқу 80
Алматыда жасөспірім көпқабатты үйден құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Алматыда жасөспірім көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінен құлап кетті. Қайғылы оқиға 18 қарашада Әуезов ауданында болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үй тұрғындарының айтуынша, шамамен 11-12 жас шамасындағы бала кеше кешке үйдің подъезіне кіріп, таңертең үйдің жоғарғы қабатынан секіріп кеткен.
Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайтыс болған бала 2009 жылы туған.
Бөлісу: