Спорт
2 мин оқу 90

Әуесқой шахматшылардың сайысы өтті

<p style="text-align: justify;">Astana IT University ғимаратында мектеп оқушылары арасындағы II &laquo;Chess Class&raquo; Олимпиадасы өтті. Турнирді Freedom Broker компаниясының қолдауымен Қазақстанның шахмат федерациясы (KazChess) және &laquo;Chess Legends LTD&raquo; ЖК өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әуесқой шахматшылардың сайысы өтті

Турнирдің ашылу салтанатында KazChess пен Astana IT University арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум нәтижесінде шахматты дамытуға және кеңінен таратуға бағытталған бірлескен іс-шаралар жүзеге асырылмақ.

Биылғы жарысқа 12 өңірден келген 35 команда, оның ішінде Астана қаласынан 19 команда, барлығы 174 ойыншы қатысты. Турнирдің жүлде қоры - 3 миллион теңге, сайыс швейцариялық жүйе бойынша 7 тур кезеңімен өтті.

Осы олимпиадада әр команда – 4 мектеп оқушысы және 1 мұғалімнен жасақталды. Жас санаты ескеріліп 17-ге, 14-ке, 12-ге дейінгілер бойынша тақталарға бөлінді, ал 4-ші тақтада қыздар ойнады. Сондай-ақ мұғалімдер 5-ші тақтада, рейтинг бойынша сайысты.

Қ. Нұрданбекұлы

7 турдың қорытындысында Павлодар қаласындағы №29 мектептің командасы чемпион атанды. 2-орынды республикалық физика-математика мектебінің командасы олжалады. 3-орын Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің құрамасына бұйырды. 4-орынды Алматыдағы Сүлеймен Демирел  атындағы мектеп-интернат-колледжінің шахматшылары, 5-орынды Алматы облысына қарасты Талғар қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы №7 мектеп-лицейден келген команда иеленді. Жүлде алған командалар қомақты ақшалай сыйақы алды.

Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған «Chess Class» Олимпиадасы – еліміздің білім беру жүйесінде шахматты кеңінен таратудың ауқымды бағдарламасының бірі. Бүгінде федерация бейіндік ведомстволармен және серіктестермен ынтымақтаса отырып, 550 мектептің 1-сыныптарына арнап «Шахмат негіздері» бағдарламасын енгізді, 42 мектепте бағдарламаны 2-сыныптарға енгізу қолға алынды.

Айта кетсек, арнайы әзірленген бағдарлама бойынша тегін оқыған 700-ден астам мұғалімдерге онлайн курстар және біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылған.

Жоғары оқу орындарымен бірге «Шахмат педагогы» minor бағдарламасы әзірленіп, 2025-2026 оқу жылында іске қосылатыны жоспарланып жатыр.

Былтыр ел Үкіметі  шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіткен еді. Соған сәйкес KazChess мектептерде шахмат кабинеттері желісін кеңейтуді, студенттердің және мектеп оқушыларының шахмат лигаларын дамытуды, сондай-ақ мұғалімдерге арналған онлайн турнир өткізбек.

Бөлісу:
Әуесқой шахматшылардың сайысы өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар