Қоғам
1 мин оқу 90

Керек дерек

<p style="text-align: justify;">Енді &laquo;eGov Mobile&raquo; қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді емін-еркін алуға болады. Бұл жүйе &laquo;Цифрлық мәліметтер&raquo; қызметінің жаңартылуы арқасында жүзеге асты.</p>

Керек дерек

Әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты ел аза­мат­­тары смартфонынан тіке­лей қарап, бөлісе алады. Аталған жүйе деректерге қолжетімділікті одан әрі ыңғайлы әрі жеңіл етеді.

Қосымшаның жаңартыл­ған нұсқасында екі цифр­лық мәлімет қолжетімді. Ал­ғашқысы, әскери қызметке шақыру туралы, сондай-ақ шақыру мерзімі туралы толық деректер. Екіншісі, азаматтың әскери міндетті мәртебесі туралы өзекті ақпарат. Тұрғын­дар өз мәліметтерін ЖСН немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы жібере алады.

Аталған қызметті пайда­лану үшін «eGov Mobile» қосымшасы арқылы «Мәліметтер» бөліміне өту қажет. Содан соң «Тарих» бөлімінде ақпараттармен танысып, деректерді беруге рұқ­сат беру немесе сұрау салуды қабылдамау батырмасын басу керек.

Бұл жүйені Қорғаныс ми­нистрлігі Цифрлық даму, ин­но­­вациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірледі.

Бөлісу:
Керек дерек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар