Экспорт
3 мин оқу 205

«Қызыл алтын» экспортының жөні бөлек

<p style="text-align: justify;">Астанада өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы далада жер еміп, мал жайлаған жұртты бір серпілтіп тастады. Қазір &laquo;Халық үніне құлақ асатын мемлекетті&raquo; анық іс жүзінде көре бастаған аграрлық сала мамандары жаңа идеяларын алға шығара бастады. Бұл туралы Қазақстан фермерлер қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов айтады.</p>

«Қызыл алтын» экспортының жөні бөлек

Аграрлық сектор экономиканың драйверіне айналады

Халқымыздың атакәсібін ұстанып, мал шаруашылығын дамытуда сүбелі үлес қосып жүрген «Қайып ата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрыл­тай­шысы, негізін қалаушы Сырым Ертаев форум мінберінде табыс­қа толы жетістіктерін бөлісті. Мем­ле­кеттік қолдаудың арқасында жыл өткен сайын даму қарқыны есе­леп артып жатқанын алға тартты.

«Мен 15 жылдан бері мал ша­руашылығымен айналысамын. Бала кезімнен мал бағып өс­кен­діктен, өмірімнің ажырамас бө­лігіне айналды. Мал шаруашылығы біз үшін үлкен бизнес әрі атакәсіп. Қазақ: «Мал­ды бақпағаның, келген бақты қаққаның», дейді. Сон­дық­тан біз бір – ірі қара малдан бас­тап, 20 мың ірі қараға жеткіздік. Келесі жылы 50 мың басқа арттырамыз», деді С.Ертаев.

Оның айтуынша «Қайып ата» ЖШС жылына 5 мың тонна ет экспорттайды. Келер жылы 8 мың тоннаға жеткізбекші екен.

«Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес соңғы жылдары осы бағытта үлкен жұмыс атқарылды. Қытай нарығы бір­қатар позиция­лар бойынша ашыл­ды. Ресей нарығы игерілді, Өзбек­стан, Араб елдеріне мал еті еркін экспортталып жатыр. Тіпті 20 жылдан астам уақыт жабық болған Тәжікстанға да ет жіберу басталды», деді серік­тестік құ­рыл­тайшысы.

п

Мал шаруашылығы саласын­дағылар бұл жетістікпен ғана әсте тоқтап қалмақ емес. Мал басын арттырумен қатар, алыс-жақын шетелдерге ет экспорттауды өсіре беруді көздеп отыр. Оның айтуынша, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы тығыз байланысты. Қазақстан жемшөп дақылдарын өсіруде мол табыс­қа жетіп отыр. Егер еліміз­де 1 миллион ірі қара мал бор­да­қыланса, оған 3,5-4 мил­лион тонна жемшөп керек. Ал 1 миллион мал еті экспортталса, 1 миллиард доллар пайда болады. Осылай аграрлық сектор тұтас экономиканың драйверіне айналады.

«Кең байтақ елімізден, құт дарыған жерімізден тағы бір алтынның түрі шыққалы тұр. Мысалы, қара алтынымыз – мұнай, сары алтынымыз – бидай, ақ алтынымыз – мақта, енді етті «қызыл алтын» деп сапалы өнімін көтере берсек, алыс-жақын шетелге Red gold деп экспорттаймыз», деп ойын түйіндеді ол.

Әр тапсырма иесін тапты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен әрі тіке­лей қолдауымен Ауыл шаруа­шылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өте мағыналы өткенін айтқан фермерлер қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов ауыл халқы соңғы жылдары кіре бастаған шаруашылық шырайына дән риза екенін жеткізді.

«Ауыл шаруашылығын қар­жы­ландыруды болашақта 1,5 триллион теңгеге жеткізу жоспар­ланып жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы да, тиісті ведомство басшылары да тұжырымдап жүр. Бұл қаржы елдегі ауыл шаруашылығы саласы бұрын-соңды көрмеген көлемдегі сома. Мұндай үлкен қаржыны қалай тиімді игеру жолдарын қазірден бастап қайта-қайта пысықтап, арнайы бағ­дарламалар түзген дұрыс. Әсі­ресе ауыл шаруашылығын қар­жыландыру саласын цифр­лан­дыру ісін тездеткен жөн. Сонда саладағы адам факторы жоққа тән болса, бұл маңдағы жем­қор­лықтың жолы мүлде тыйы­лар еді», деді қауымдастық төра­ға­сы­ның орынбасары.

Мемлекет басшысының тағы бір маңызды тапсырмасы тұ­қым мәселесіне қатысты бол­ды. «Ауыл шаруашылығы ғы­лымын дамытуға қатысты отан­дық картоп пен қант қызыл­шасы тұқымдарының үлесі 10%-дан аз екені айтылды. Үкі­мет аграршыларды отан­дық өнді­ріс­тің тұқымымен қамта­масыз етуді 2028 жылға қарай, бұл көрсеткішті 80%-ға дейін ұлғайтуға тиіс. Ал жо­ғары сапалы (яғни элиталық) тұқымдардың үлесі кемінде 15%-ды құрауы ләзім. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін шетелдердің озық тәжіри­бесін зерделеу керектігін ел Пре­зидентті анық жеткізді», деді Е.Ерғазыұлы.

Форумда жылқы санын кө­бей­тумен қатар, олардың асыл тұ­қымды және өнімді қасиет­те­рін арттыру басты міндет болып табылатынын Президент қадап айтты. Сөйтіп, жылқы өсірудің қазақ үшін қаншалықты маңызды екенін тереңнен тартып ұқтырды. Нәтижесінде, биыл отан­дық жылқы тұқымдарын сақ­тау және көбейту бойынша ар­найы заң қабылданды. Үкі­метке жылқы шаруашылығы инс­титутын құруды тапсырды.

«Ауыл шаруашылығы техни­ка­­сының қолжетімділігін арттыру ісі де Мемлекет басшы­сының назарынан тыс қалмады. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін жылына 8-10%-ға жеткізу міндетін қойды. Ол үшін отандық өндірістің ауыл шаруа­шылығы техникасының жылдық 5% жеңілдікті лизингі бағ­дарламасы іске қосылды. Оған 120 миллиард теңге бөлінді. Ал­дағы жылдары қаржы көлемінің әлі де ұлғаятынын жеткізді», деді спикер.

Бөлісу:
«Қызыл алтын» экспортының жөні бөлек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар