Президент
1 мин оқу 120

Тоқаев Сербия Президентіне Алматының әйгілі апортын тарту етті

<p style="text-align: justify;">Сербия Президенті әлеуметтік желілердегі парақшаларында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін және Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тоқаев Сербия Президентіне Алматының әйгілі апортын тарту етті

Сербия Президенті әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас форматында достық кездесу өткенін жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичке бір сандық Алматы апортын тарту еткен.

Сондай-ақ Александр Вучич Сербияның дос елдерге мақтанышпен есігін ашатынын және бұл кеш осының тағы бір дәлелі екенін атап өтті. 

1

Естеріңізге сала кетейік, 18 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия президенті Александр Вучич қарсы алған болатын. 

Айта кетейік, Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 28 жыл толды. Осы жылдар ішінде елдер сауда, инвестиция және мәдениет салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдете түсті.

Бөлісу:
Тоқаев Сербия Президентіне Алматының әйгілі апортын тарту етті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар