Оқиға
1 мин оқу 100

Алматы облысында мұғалімдерге жарты жыл бойы жалақы төленбеген

<p style="text-align: justify;">Алматы облысындағы жекеменшік мектеп мұғалімдеріне жарты жылдан астам уақыт бойы жалақы төленбеген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысында  мұғалімдерге жарты жыл бойы жалақы төленбеген

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жекеменшік мектеп-гимназиясының банкроттық рәсімінде болуына байланысты басшылық мұғалімдердің жалақысын бермеген.

«56 мұғалімге тиесілі қарыздың жалпы сомасы 40 миллион теңгені құрады. Атқарушылық іс жүргізудің болуына қарамастан, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер орындалмай қалды», делінген хабарламада.

Прокуратураның араласуы нәтижесінде борышкердің жылжымайтын мүлкі анықталып, сатылғаны атап өтілді.

«Алынған қаражат қарыздарды өтеуге жұмсалды, бұл мұғалімдердің еңбек құқықтарын толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді»,  делінген хабарламада.

Бөлісу:
Алматы облысында мұғалімдерге жарты жыл бойы жалақы төленбеген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар