Мәһір орнына қалыңмал берсе жеткілікті
<p style="text-align: justify;">Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы неке қию кезінде ерінің қалыңдығына беретін бағалы сыйлығы немесе мәһірдің үкімін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазақ дәстүрінде қалыңмал – қалыңдық үшін берілетін мал-дүние. Екі жас ажырасқан жағдайда қалыңдық малы қыздың иелігінде қалатын болған. Осы тұрғыдан қалыңмалды мәһір деп санауға болады. Ал «әке күші», «ана сүті», тағы да сол сияқты қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік мәһірге саналмайды», деп жазылған мүфтияттың ресми сайтында.
Айта кетейік, мәһір - отасқаннан кейін ер азаматының қалыңдығына беретін бағалы сыйы. Шариғат заңына сәйкес алда-жалда екеуі ажырасса яки күйеуі қайтыс болса, әйелі мәһірді сатып немесе айырбастап күнелтеді.