Қоғам
1 мин оқу 170

Ақтөбе облысының прокуроры қызметінен босатылды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысының прокуроры Халидулла Дәуешов қызметінен босатылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Ақтөбе облысының прокуроры қызметінен босатылды

«Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас  Прокурордың   2024 жылғы 18 қарашадағы  бұйрығымен  3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидолла Зиноллаұлы Дәуешов Ақтөбе облысының прокуроры лауазымынан қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты босатылды», делінген мәлімдемеде. 

Х.З. Дәуешов заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен   наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Халидулла Дәуешов 1964 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1984-1985 жылдары Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысты. 1991 жылы С.М.Кирова атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Бөлісу:
Ақтөбе облысының прокуроры қызметінен босатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар