Оқиға
1 мин оқу 103
Түркістан облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысындағы Жетісай - Жібек жолы тас жолында жол апаты болып, салдарынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«ВАЗ» көлігі мен «Вольво» жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан жолаушылар көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр.
Бөлісу: