Президент
1 мин оқу 100
Сербия сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті
<p style="text-align: justify;">Сербия сарайының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақстан Президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары шырқалды, сондай-ақ он рет зеңбіректен оқ атылды. Бұдан кейін президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
Бөлісу: