Оқиға
1 мин оқу 102

Тікұшақ апатынан зардап шеккен әскерилердің жағдайы белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен әскерилердің жағдайы туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тікұшақ апатынан зардап шеккен әскерилердің жағдайы белгілі болды

«Солтүстік әскери округі Әскери институты авиациялық эскадрилья командирі майор Бибарыс Ибраев пен Солтүстік әскери округі Әскери институты авиациялық оқу орталығының аға нұсқаушысы, аға лейтенант Рүстем Нығметов одан әрі амбулаторлық бақылау үшін үйлеріне жіберілген», делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында тікұшақ апатқа ұшырап, салдарынан бір адам қаза тапты. Екі адам ауруханаға жеткізілген. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Тікұшақ апатынан зардап шеккен әскерилердің жағдайы белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар