Саясат
2 мин оқу 91

Президенттің Сербияға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан мен Сербия арасындағы келіссөздерден кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Президенттің Сербияға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды

Қазақстан Президентінің Сербияға ресми сапары аясында төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы тұлғаларды реадмиссиялау туралы келісім;
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сербия Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Сербия Республикаcының Еңбек, жұмыспен қамту, ардагерлер ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 
  5. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Сербия Республикасының Туризм және жастар министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 
  6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Сербия Республикасының Статистика басқармасы арасындағы өзара саудада статистикалық деректер алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
  7. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Сербия Республикасының Ғылым, технологиялық даму және инновациялар министрлігі арасындағы ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 
  8. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Сербия Республикасының Ақпарат және телекоммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 
  9. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Сербия Республикасының Ұлттық кітапханасы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум; 
  10. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Сербия Республикасының Халықаралық саясат және экономика институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Бөлісу:
Президенттің Сербияға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар