Аңдатпа
<p style="text-align: justify;"><strong>22 қараша - «Қоштасқым келмейді»</strong></p> <p style="text-align: justify;"><em>Музыкалық жас көрермен театрының Түркістан қаласына шығармашылық сапары аясында А.Володиннің «Қоштасқым келмейді» музыкалық драмасы көрсетіледі. </em><em>Аударған әрі режиссері – А.Маемиров.</em> </p>

29 қараша - «Қош, махаббат»
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында М.Мақатаевтың «Қош, махаббат» драмасы ұсынылады. Режиссері – А.Салбан.
30 қараша - «Ата мектебі»
Атырау облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында Б.Зинуллиннің «Ата мектебі» ертегісі қойылады. Режиссері – Б.Өтеғалиев.
30 қараша - «Король Лир»
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында У.Шекспирдің «Король Лир» трагедиясы сахналанады. Режиссері – Ф.Молдағали.