Оқиға
1 мин оқу 140

Алматыда орташа айлық жалақы 15,5%-ға өсті

<p style="text-align: justify;">Алматыда орташа айлық жалақы 468 мың теңгені, ал республика бойынша 392,6 мың теңгені құрады. Еңбекақы номиналды түрде 15,5%-ға, нақты мәнде 5,7%-ға өсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда орташа айлық жалақы 15,5%-ға өсті

Қалалық экономика бөлімі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атаулы ақшалай кіріс орта есеппен 22%-ға өсіп, 292 мың теңгені құрағанын (ҚР – 9,2%-ға 201,1 мың теңге) мәлімдеді. Нақты мәнде өсім 11,6%-ды (Қазақстанда – 0,3%-ға) құраған.

«Жылдық инфляция тамыздағы 8,6%-дан қыркүйекте 8,3%-ға дейін баяулады. Бұл азық-түлік тауарларының 7,7%-ға және азық-түлік емес тауарларының 5,6%-ға дейін өсуінің баяулауымен байланысты. 2024 жылдың соңына қарай жылдық инфляция одан әрі 7,5-8%-ға, ал 2025 жылы 6,5-7,5%-ға дейін төмендейді деп күтіледі», делінген хабарламада.

Сонымен қатар осы жылдың 9 айында қалада 50,5 мың жұмыс орны ашылғаны, оның 77,9 пайызы тұрақты екені атап өтілді. Сондай-ақ 9 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 8,1 пайызға өсіммен 1,1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Жеке инвестициялардың өсімі 8 пайызды құрап, 1 триллион теңгеге жуық өскені белгілі болды.

Бөлісу:
Алматыда орташа айлық жалақы 15,5%-ға өсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар