ЕАЭО елдері мемлекеттік сатып алуды банк кепілдігімен жүзеге асыра алады
<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану жөніндегі келісім ратификацияланды. Келісім 2023 жылы 29 тамызда Мәскеуде жасалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Құжатта мемлекеттік сатып алу кезінде кепілдіктері Одаққа мүше басқа мемлекеттерде танылатын банктерге қойылатын бірыңғай талаптар, осындай банктердің тізбесін қалыптастыру тәсілдері, берілген банк кепілдіктерінің тізілімін жүргізу тәртібі айқындалады.
Келісімді ратификациялау – мемлекеттік сатып алу саласында ұзақ мерзімді және тұрақты негіздегі ынтымақтастықты нығайтуға, ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағында тіркелген әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілердің басқа мүше мемлекетте өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға кедергісіз қол жеткізуіне бағытталған.