Оқиға
1 мин оқу 141

Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

<p style="text-align: justify;">Ауа райының нашарлауына байланысты екі облыста автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;ҚазАвтоЖол&raquo; АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Сағат 13:00-ден бастап екі бағыт бойынша автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді:

  • Ұлытау облысында «Қызылорда-Павлодар» автомобиль жолының 216-424 км (Қызылорда облысының шекарасы – Жезқазған қаласы) учаскесінде;
  • Қызылорда облысы мен  Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Қызылорда-Павлодар» автожолының 12-216 шақырымы (Қызылорда қаласы – Ұлытау облысының шекарасы) учаскесінде.

Алдын ала мәлімет бойынша 2024 жылдың 20 қарашасы сағат 20:00-де жол ашылады.

Бөлісу:
Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар