Алматыда ер адам алаяқтарға «телефон станциясын» жалға берген
<p style="text-align: justify;">Алматыда киберполиция қызметкерлері арнайы операцияны сәтті өткізіп, оның барысында интернет алаяқтығы үшін шағын АТС ұйымдастырған жігітті ұстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жақында Алматыда киберполиция арнайы операция жүргізіп, оның барысында жалдамалы пәтерде шағын автоматты телефон станциясын ұйымдастырған 26 жастағы жігіт ұсталған.
Тінту кезінде SIM-карталарға арналған 32 слоттары бар SIM-қорап, сондай-ақ ұялы байланыс компанияларының біріне тиесілі 285 SIM картасы табылған.
«Үйді тінту кезінде 32 SIM-карта слоты бар SIM-қорап жабдығы, сондай-ақ ұялы байланыс компанияларының біріне тиесілі 285 SIM картасы табылды. Бұл жабдықты интернет-алаяқтар анонимді болып қала отырып, әртүрлі интернет-қызметтерді және мессенджерлерді белсендіру, аккаунттарды тіркеу үшін пайдаланады, олардың көмегімен алаяқтар басқа елде бола тұра қазақстандықтарға телефон соғады. Күдікті осы жабдықты орнату, қосу және слоттардағы SIM-карталарды ауыстырудан тұратын «жұмысты» интернеттен тапқанын айтты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында жедел шаралар жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат қамауға алынды», деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.