2025 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақы өседі
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қарашадағы «2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» қаулысы бекітілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы күнге дейін тағайындалған мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтік жәрдемақы көлемін 6,5 пайызға ұлғайтылсын», делінген құжатта.
Қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін төлемдердің көлемін жыл сайын арттырып отырады.