Қазақстан армиясының балуаны күрестен әлем чемпионы атанады
<p style="text-align: justify;">Армения астанасында халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қамқорлығымен әскери қызметшілер арасында күрестен 37-ші әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Белдесулердің кейбір нәтижелері қазірдің өзінде белгілі болды. Армия орталық спорт клубы балуандары еркін күрестен алтын медаль, сондай-ақ грек-рим және әйелдер күресінен екі қола медаль ұтты.
Ресей, Моңғолия және Иран балуандарымен жекпе-жекте өзінің артықшылығын көрсетіп, Үнді спортшысымен шешуші жекпе-жекте 6:2 есебімен жеңіске жеткен ефрейтор Мейіржан Әшіров 70 келі салмақ дәрежесінде еркін күрестен әлем чемпионы атанды.
Ал грек-рим күресінен колумбиялық балуанды жеңген кіші сержант Айдос Сұлтанғали (60 келі) қола жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ қарулы күштер қызметкері Светлана Анкичева (50 келі) да қола жүлде алды. Швейцария мен Моңғолиядан келген спортшыларға есе жіберген ол қола жүлде үшін шешуші жекпе-жекте АҚШ өкілін 10-0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, жарыс 24 қарашаға дейін жалғасады.