Әлем
1 мин оқу 135

Аустралияда балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды

<p style="text-align: justify;">Аустралия үкіметі әлеуметтік желілерді пайдалану үшін ең төменгі жасты 16 жастан белгілейтін инновациялық заң қабылдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аустралияда балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды

Аталған заң жас австралиялықтарды олардың дамуының маңызды кезеңдерінде көбірек қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Заң әлеуметтік медиа платформаларын 16 жасқа толмаған адамдардың тіркелуіне жол бермеу үшін ақылға қонымды шаралар қабылдауға міндеттейді. Сонымен қатар бұл шараларды қамтамасыз ету жауапкершілігі ата-аналарға немесе жастарға емес, әлеуметтік медиа платформаларына жүктеледі.

Бұл ретте онлайн ойындарға, сондай-ақ Headspace, Kids Helpline, Google Classroom және YouTube сияқты білім мен денсаулыққа қатысты қызметтерге қолжетімділік сақталады.

«Біз австралиялық балалардың балалық шағы болғанын қалаймыз, ал ата-аналар үкіметті қолдайды», деді премьер-министр Энтони Албанезе.

Бөлісу:
Аустралияда балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар