Президент
1 мин оқу 150

Президент «Лукойл» компаниясының акционерін қабылдады

<p></p> <p class="mt-5" style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев &laquo;Лукойл&raquo; компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Президент «Лукойл» компаниясының акционерін қабылдады

Мемлекет басшысы компания акционерімен энергетика саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Президентке «Лукойл» атқарған жұмыстардың нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Кездесуде өзара мүдделі ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» сияқты ірі компаниялармен ынтымақтастықтың тұрақты дамуы энергетика саласын жаңғыртуға және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға септігін тигізетінін айтты.

Бөлісу:
Президент «Лукойл» компаниясының акционерін қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар