Кино
3 мин оқу 54

Шығыс пен Батыс мәдениетін тоғыстырады

<p style="text-align: justify;">Алматының Өңірлік коммуника&shy;ция&shy;лар қызметі алаңында XVII Халық&shy;&shy;&shy;аралық &laquo;Еуразия&raquo; кинофес&shy;ти&shy;валінің ашылуына&shy; орай ау&shy;қымды баспасөз мәс&shy;ли&shy;хаты ұйымдастырылды. Мәде&shy;&shy;ниет және ақпарат минис&shy;трлігі мен &laquo;Қазақ&shy;фильм&raquo; ұлт&shy;тық кино&shy;сту&shy;дия&shy;&shy;сы&shy;ның&raquo; қолдауымен ұйым&shy;&shy;&shy;дас&shy;&shy;тырылып отыр&shy;ған Орта Азиядағы ең ірі кино&shy;фес&shy;тиваль биыл үш бірдей мерей&shy;&shy;той&shy;дың құр&shy;метіне &ndash; ұлт&shy;тық кино&shy;&shy;&shy;ны&shy;ның негізін қала&shy;&shy;ғандардың бірі Шәкен Ай&shy;ма&shy;новтың 110 жыл&shy;&shy;ды&shy;ғына, &laquo;Қазақ&shy;&shy;фильмнің&raquo; 90 жыл&shy;&shy;дығына, кино&shy;&shy;&shy;сту&shy;дияға Ш.Ай&shy;ма&shy;нов есі&shy;мінің беріл&shy;ге&shy;ніне 40 жыл тол&shy;ға&shy;ны&shy;на арналып отыр.</p>

Шығыс пен Батыс мәдениетін тоғыстырады

Кинофестивальдың бас­та­луы алдында арнайы баспа­сөз мәслихатын өт­кіз­­ген ұйым­дас­тырушылар халық­аралық іс-шараның негізгі бағыт­та­рымен таныстырып, байқау және байқаудан тыс бағдарламаларды жариялады. Сонымен қатар қазы­лар алқасы таныстырылып, алдағы көр­сетілімдер туралы жан-жақты мәлі­мет берді.

Бәйгеге қатысатын фильмдерді іріктеу кезінде фильмге қойыл­ған негізгі талаптардың бірі – шығар­машылық өнімнің Еуразия кеңіс­ті­гінен болуы және оның көркемдік сапасы басты шарт ретінде қарас­ты­рылады. Оңтүстік Африка, оңтүстік және солтүстік Америкадан жол­данған фильмдер іріктеуге мүлде қатыса алмайды. Фестиваль директоры, «Қазақфильмнің» президенті мін­детін атқарушы Айдар Ома­ров­­­тың айтуынша, XVII «Еура­зия» кино­­фес­тиваліне әзірлік жұмысы жыл­дың ба­сынан бері жүріп келеді. Қазы­лар алқасының 70%-ын шетелден ша­қы­­рылған мей­мандар құрайды, олар­­­­дың жұмыс кестесіне орайлас­ты­ра келі­­сімге келу ұйымдастыру алқа­­сына оңайға соқпаған. Биыл­ғы қазы­­лар алқасына Канн фес­ти­валінің «Ал­тын пальма бұта­ғының» иегері, Түр­­­кия­­­ның беделді режиссерлерінің бірі Нури Бильге Жейлан төрелік етеді.

Өткен жылдармен салыс­тыр­ғанда, биылғы XVII фестивальға ша­қы­рылған әлемдік кино жұл­дыз­дар қарасы аз. «Еуразия» кинофести­валі Шығыс пен Батыс мәдениетін тоғыстырып, екі алып кеңістіктің киносын жақын­дастыру мақсатын алға қойған соң, бір күнге келіп-кеткен қалам­ақысына ақылға қо­ным­сыз қаржы сұрайтын атақ­ты­ларды емес, отандық кино саласын дамытуға тікелей ықпалы бар пай­далы мамандар мен іскерлік алаң­да­рын қолайлы санап, осы ойды жүзеге асыруға басым­дық берген.

– Кинофестиваль ауқымды екі секцияға бөлінген, оның бірі – 12 фильмді қамтыған халықаралық конкурс, екіншісі – 9 фильм ұсынылатын Орта Азия және Түркі әлемі секциясы. Жалпы алғанда, фестивальға 15 елдің кинематографистері қатысады. Олар: Бангладеш, Оңтүстік Корея, Аус­трия, Қатар және Еуропа, Азия мен Таяу Шығыс елдерінің бір­қатар мемлекеттері. Конкурсқа арнал­ған фильмдердің көрсетілімі 25–29 қараша аралығында «Есен­тай» кино­паркінің аумағында өтеді. Сондай-ақ осы күндер ара­лы­ғында Т.Жүргенов атын­дағы Қазақ ұлттық өнер академиясында іскер­лік алаңдар жұмыс істейді. Фес­ти­валь аясында конкурс­тан тыс көр­се­тілімдер, іскерлік алаңдары, шығармашылық кездесулер өтеді.

NETPAC мүшесі, XVII ха­лық­аралық «Еуразия» кино­фес­ти­валі­нің бағдарлама директоры Диана Әші­мова: «Жасанды интеллектпен жұмыс істеу біз өмір сүріп отырған кезеңнің ең белсенді жаңалығы болып отыр. «Кинематографиядағы жасанды интеллект және креативті көзқарас» де­ген мәселе өзекті мәнге ие, жа­қын күндері Қазақстанның ней­ро­жүйесі маман­дарымен бірге ше­тел­дің тәжірибелі мамандарын шақы­рып, дөңгелек үстел басында бірге талқылауды діт­теп отырмыз. Себе­бі киноның бола­шағы жа­сан­­ды интеллектпен тікелей бай­­­ла­нысты. Бұл мәселе қазір әлем кине­­­­ма­­тографистерінің де ең көп тал­­­қы­­­лай­тын тақырыбына айналды» дейді.

Айдар Омаров XVII халық­аралық «Еу­разия» кинофес­тива­лінің бюджет қаржысына арқа сүйе­мей, «Bazis-A» халық­­аралық құрылыс компаниясы, «KAZ Minerals» кен өндіру компания­сы, «Sarens Kazakhstan» ЖШС, «Salem Entertainment» медиакомпаниясы, «Kinopark Theatres» кино­театрлар желісі, «Eurasian Resources Group» (ERG) және «Astana Motors» секілді отандық нарық алаңындағы ірі компаниялардың демеушілігімен өтетінін айырықша атап өтті.

PhD және AlmaU қауым­дас­ты­рылған профессоры Айбарша Бөжеева жетекшілік ететін фес­ти­вальдың іріктеу комиссиясы құ­ра­­­мына француз журналисі, ки­но­сыншысы Барбара Лорей де Лашарье және Қазақ­стан режиссері Азат Хакимов енді. Олар әлемнің түк­­­пір-түкпірінен келген 60 фильм­ді сұ­рып­тады.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Шығыс пен Батыс мәдениетін тоғыстырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар