Аймақтар
1 мин оқу 260

Қостанай тұрғындары жылусыз қалды

<p style="text-align: justify;">Қаланың жер асты жылу желісінде апат болған. Салдарынан 8 тұрғын үй, мектеп және спорт залы жылусыз қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қостанай тұрғындары жылусыз қалды

Жылу-энергетика мекемесінің мәліметінше, апат Бородин № 221А көшесіндегі диаметрі 150 мм құбырда болған.

«Қаладағы  5 жалпы білім беретін мектеп, АӘД спорт залы және 8 КЖО жылусыз қалды. Апатты жағдай 20:00-ге дейін жойылады», деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұған дейін апат салдарынан бірнеше тұрғын үй жылусыз қалған еді. Бір күн бұрын Рудныйдағы жылу трассасында екі рет коммуналдық апат болды, 200-ге жуық абонент жылусыз қалған.

Бөлісу:
Қостанай тұрғындары жылусыз қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар