Жетісуда дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
<p style="text-align: justify;">Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасы және «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ-мен бірлесіп, Жетісу облысының Бескөл станциясында тепловоз машинистерінен құралған қылмыстық топты құрықтады.
Күдіктілер бірнеше жыл бойы пойыз диспетчерлерімен қылмыстық келісімге келіп, тепловоздардан жанар-жағармай материалдарын құйып алу арқылы дизель отынын ұрлаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ ұрлықтың 45 эпизодында әшкереленіп, «ҚТЖ «ҰК» АҚ-ға 16 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді.
Жетісу облысы Алакөл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды.