Аймақтар
1 мин оқу 240
Алматы облысында монша өртенді
<p style="text-align: justify;">23 қарашада таңертең Алматы облысы Іле ауданындағы Жәпек ауылында монша кешені отқа оранды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өрт туралы кезекшінің жедел байланыс желісіне қоңырау келіп түсті.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер моншаның екінші қабатындағы бу бөлмесі мен төбенің жанып жатқанын анықтады.
Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт жылдам сөндірілді. Қызыл жалын тараған аудан көлемі - 45 шаршы метр.
Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу: