Есірткі
1 мин оқу 130

Қызылордада кәмпиттің ішіне есірткі жасырған әйел ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті анықталды. Қарақшылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан азаматқа сәлемдеме әкелген әйел есірткіні кәмпит ішіне жасырып өткізбек болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылордада кәмпиттің ішіне есірткі жасырған әйел ұсталды

Тексеру кезінде 12 ақ түсті қағазға оралған кәмпит пен бір белгісіз ақ ұнтақ табылып, қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылған.

Тергеу барысында өзіне тән өткір иісі бар жасыл түсті және ақ ұнтақ заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардың 31,99 грамм кептірілген марихуана және 0,41 грамм мефедрон екені белгілі болып отыр.

Осыған байланысты сәлемдеме жеткізушіге ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.   

Бөлісу:
Қызылордада кәмпиттің ішіне есірткі жасырған әйел ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар