Әлем
1 мин оқу 620

ТОП-10: Әлемнің ең бай адамдары кім

<p style="text-align: justify;">Bloomberg агенттігі жариялаған &laquo;Миллиардерлер индексіне&raquo; (Bloomberg Billionaires Index) сәйкес Илон Маск өзінің&nbsp;2021 жылғы рекордын жаңартып, кезекті рет әлемдегі ең бай адам атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ТОП-10: Әлемнің ең бай адамдары кім

Өткен аптада Илон Масктың байлығы $35 миллиардқа артып, қазіргі уақытта $348 миллиард деп бағаланып отыр.

Әлемдегі ТОП-10 бай адам: 

1. Илон Маск – $314.4 миллиард. Оның байлығы негізінен Tesla, SpaceX және X (бұрынғы Twitter) сияқты компанияларынан құралған.

2. Ларри Эллисон – $234.9 миллиард. Oracle компаниясының негізін қалаушы және технология индустриясының жетекшісі.

3. Джефф Безос – $214.7 миллиард. Amazon компаниясын құрып, Blue Origin ғарыш компаниясы арқылы да танымал болды.

4. Марк Цукерберг – $194.8 миллиард. Facebook (қазіргі Meta) негізін қалаушы ретінде танымал.

5. Бернар Арно және отбасы – $155 миллиард. LVMH сән және люкс тауарлар империясын басқарады.

6. Уоррен Баффет – $148.3 миллиард. Berkshire Hathaway инвестициялық конгломератының басшысы ретінде әйгілі.

7. Ларри Пейдж – $139.4 миллиард. Google негізін қалаушылардың бірі.

8. Сергей Брин – $133.4 миллиард. Ол да Google-дың негізін қалаушы.

9. Дженсен Хуан - $127.9 миллиард. Ол NVIDA компаниясының негізін қалаушы.

10. Амансио Ортега - $122,6 миллиард. Ол Inditex корпорациясының негізін қалаушы.

Бөлісу:
ТОП-10: Әлемнің ең бай адамдары кім · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар