Ауа райы
1 мин оқу 180

Алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады
Мамандардың деректеріне сәйкес, қараша айының 26, 27 және 28-і күндері Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде желдің екпіні секундына 28 метрге жетеді.

Метеорологтардың мәлімдемесіне сүйенсек, республиканың басым бөлігінің ауа райын ауқымды антициклон анықтайды, сол себептен жауын-шашынсыз ауа-райы болжанып отыр.

«Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында, 28 қарашада күндіз еліміздің солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болуы ықтимал», делінген хабарламада.
Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, екпіні - 15-20 м/с. Ал елдің оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді. 
Бөлісу:
Алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар