Шаруашылық
1 мин оқу 134

Түркістан облысындағы жылыжайда банан пісіп жатыр

<p>Сайрам ауданындағы жылыжайда өсіріліп жатқан экзотикалық жемістерден екінші өнім жинап алынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түркістан облысындағы жылыжайда банан пісіп жатыр

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, қазір жұрт сүйсініп жейтін жемістер негізінен ішкі нарыққа шығып, Алматының сауда орталықтарына жөнелтіліп жатыр.

Түркиялық технология негізінде іске қосылған жылыжайға 7 400 түп банан ағаштары былтыр отырғызылған. Жемісті өсіру үшін арнайы микроклимат жасалған. Мұндағы температура тұрақты түрде +15 градуста сақталады, ал топырақ құрамы тропикалық өсімдіктердің талаптарына сай байытылған.

 Өнім көлемін арттыру үшін тамшылатып суару жүйесі қолданылады. Мұнда 20 шақты ауыл тұрғыны тұрақты жұмыс тапқан.

Бөлісу:
Түркістан облысындағы жылыжайда банан пісіп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар