Қоғам
1 мин оқу 61

Бұлбұл әншіге арналған марка

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазпошта&raquo; КСРО ха&shy;лық әртісі, Қазақстан мәдениетінің өркендеуіне елеулі үлес қосқан көр&shy;некті опера әншісі Би&shy;бігүл Төлегенованың ту&shy;ға&shy;нына 95 жыл толуы&shy;на орай пошта маркасын шығарды. &laquo;Естелік және мерейтойлық даталар&raquo; сериясындағы марка &ndash; бес маркадан тұратын пошта блогі. Марка 4 түсті бояумен офсеттік үлгіде басып шығарылған. 5000 данамен таралған марканың номиналы &ndash; 450 теңге.</p>

Бұлбұл әншіге арналған марка

Бибігүл Төлегенова – шебер орындаушы ғана емес, сонымен қатар тәлімгерліктің озық әдістерін меңгеруімен Қазақстанның музыка мәде­ниетінің дамуында маңызды рөл атқарған талантты педагог. Ол әлемнің ең танымал сахна­ларында өнер көрсетіп, мәдениеттердің жақындасуына еңбек сіңірді, елінің мәдени мұрасына баға жетпес үлес қосты.

«Қазпошта» коллекциясы тағы бір жарқыраған гауһар – Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған мерей­тойлық маркамен толық­ты­рылды. Біз Бибігүл Ахмет­қы­зына Дүниежүзілік пош­та одағының 150 жылдығына ар­налған маркасын бастыру рә­сіміне арнайы қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе. Атаулы марка – ол кісінің отандық мә­дениетті, музыканы, сахналық шығармашылықты дамытудағы маңызды рөліне құр­мет», деп атап өтті «Қазпошта» АҚ бас­пасөз қызметі.

Бибігүл Төлегенованың шы­ғармашылығы тұтас ұрпаққа өнеге болып, шабыттандырып келеді. Ол – әлемнің үздік сахналарында өнер көрсетіп жүрген опера әртістері мен музыканттарының бірнеше буынын тәрбиелеген жан.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Бұлбұл әншіге арналған марка · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар