Жоба
1 мин оқу 120

Серіктестікке серпін берген қадам

<p style="text-align: justify;">&laquo;ҚМГ&raquo; мен &laquo;Татнефть&raquo; &laquo;Қаратон Подсолевой&raquo; учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті. Атырау облысында бұрғылау жұмыстарын бастау рәсіміне &laquo;ҚазМұнайГаз&raquo; ҰК&raquo; АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасы Асхат Хасенов және &laquo;Татнефть&raquo; ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов, сондай-ақ ҚМГ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев қатысты.</p>

Серіктестікке серпін берген қадам

– «Қаратон Подсолевой» учас­ке­сінде алғашқы іздеу ұңғы­масын бұрғылауды бастау – Қазақ­станның ресурстық базасын нығайтуға жасал­ған маңыз­ды қадам. Бұл жоба біз­­дің қор көлемін ұлғайту және жер қой­науының күрделі учаске­ле­рін иге­руге бағытталған стра­те­гия­лық мін­дет­те­рі­мізге сай келеді. «Татнефть» ком­паниясымен бірлескен күш-жігеріміз нәти­желі болып, елі­міз­дің мұнай-газ саласындағы әле­уетін арт­ты­руға үлес қосатынына сенім­ді­міз, – деп атап өтті А.Хасенов.

– Біз Қазақстандағы әріптес­тер­мен түрлі бағытта өзара байланыс орнаттық. Бүгінгі іс-шара – сол серіктестігіміздің табысты жалғасының жарқын көрінісі. «Қаратон Подсолевой» учаскесінің әлеуеті зор, бұл Қазақстан Үкіме­тінің қолдауының арқасын­да жаңа табысты ортақ жобалардың негізіне айнала алады, – деп атап өтті «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов.

«Қаратон Подсолевой» жобасы еліміздегі күрделі кен орындарының инвестициялық тар­тымдылығын едәуір арт­тырған. Жақсартылған мо­дель­дік келісімшарт шеңбе­рінде іске асырылуда. Бұл механизм жер қой­­­науы­ның күрделі учаскелерін барлау және игеру үшін жағдай жасай отырып, маңызды реттеуші және фис­калды преференцияларды ұсынады.

Жер қойнауында терең орна­ласқан көмірсутектерді іздеу тех­­никалық тұрғыдан үлкен қиын­дық­тармен қатар жүреді, оған бе­ріл­ген тереңдік, ықтимал жоға­ры қабат қысымы, күкіртті сутектің болуы және қалың тұз шөгін­ділерін жатқызуға болады.

«Қаратон Подсолевой» учас­ке­сі Теңіз ірі кен орны мен «Ембі­мұ­най­газ» компаниясының кен орын­дарына жақын орна­ласқан. 

Бөлісу:
Серіктестікке серпін берген қадам · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар