Оқиға
1 мин оқу 160
Алматы тұрғыны автобуста әйелді соққыға жыққан
<p style="text-align: justify;">Қалалық полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы Алматы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, оқиға кеше болған. Қоғамдық көлік ішінде телефон арқылы қатты сөйлескен әйелге наразы болған ер адам оған дене жарақатын салған.
«Бұзақылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр», делінген хабарламада.
Бөлісу: