Жемқорлық
1 мин оқу 150
Қызылордада пара алған полиция қызметкері ұсталды
<p style="text-align: justify;">Қызылордада 2 миллион теңге пара алған полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Әлеуметтік желіде Қызылорда әуежайында Қызылорда полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы 2 млн теңге пара алғаны туралы ақпарат тараған еді. Аталмыш ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен жеке қауіпсіздік департаменті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз әрекеттер жасағаны үшін полиция қызметкерін ұстады. Ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды», деп жазылған полиция хабарламасында.
Бөлісу: