Елорда
1 мин оқу 220

Үздік 10 ұстаз ұлттық сыйлық иегері атанды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстан мұғалімі-2024&raquo; Ұлттық сыйлығының финалистерін салтанатты марапаттау рәсіміне әлемнің әр түкпірінен келген мұғалімдер, ғалымдар, сарапшылар қатысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үздік 10 ұстаз ұлттық сыйлық иегері атанды

Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәлімдеуінше, бұл – Varkey Foundation бекіткен жаһандық мұғалімдер сыйлығы халықаралық байқауы шеңберінде «Қазақстан мұғалімі-2024» ұлттық сыйлығының иегері ретінде 10 үздік ұстаз анықталды. Байқаудың мақсаты – ұстаздық мамандықтың маңыздылығын көрсету ғана емес, сонымен қатар үздік мұғалімдердің еңбегін халықаралық деңгейде көрсету.

Биыл байқау рекордтық көрсеткішті көрсетіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен 2200-ден астам педагог қатысқан. Олардың арасынан 10 үздік ұстаз іріктеліп алынды. Олардың қатарында елордалық 2 ұстаз бар. Олар Астана қаласындағы №71 мектеп-лицейінің математика пәні ұстазы Жунис Октябрина және Экономикалық лицейдің қазақ тілі және әдебиеті пәні ұстазы Нұржан Байсаков. Үздік 10 ұстаздың қатарына енген елордалық 2 ұстаздың әрқайсысы 1 миллион теңгеден ақшалай сыйлық алды.

Бөлісу: