Оқиға
1 мин оқу 63
Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысында Т.Жүргенов ауылынан Айке ауылына дейін жол жабылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«2024 жылғы 27 қарашада сағат 08:00–да Ақтөбе облысында 89 км автожолда орналасқан теміржол өткеліндегі рельстерді ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жасалады. Осыған байланысты «Қарабұтақ — Комсомольский — Денисовка — Рудный — Қостанай» автожолының 83-198 шақырым аралығында (Т.Жүргенов ауылынан Айке ауылына дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады», делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстары 27 қараша сағат 14:00–де аяқталып, жол ашылады деп жоспарланған.
Бөлісу: