Еңбек
1 мин оқу 130
Оңтүстік Корея Қазақстан азаматтарын жұмысқа қабылдай бастайды
<p style="text-align: justify;">Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ел азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оның айтуынша, қазан айында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяның Еңбек министрлігімен келіссөздер жүргізген.
«Еңбек министрлігінің басшылығы өзгеріп, келісімді бекіту процесі сәл кешіктірілді. Ол Оңтүстік Кореяға мақұлдануға жіберілді», деді Жақыпова Мәжіліс алаңында.
Министр атап өткендей, келісім осы жылдың соңына дейін қабылданады.
Бөлісу: