Оқиға
1 мин оқу 90

Алматы маңында жеті жасар баланы автобус қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Қайғылы оқиға &laquo;Асыл арман&raquo; тұрғын үй кешенінің аумағында болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы маңында жеті жасар баланы автобус қағып кетті

Алматы облысының Полиция департаменті хабарлағандай, 27 қарашада Іргелі ауылындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің тұрағында JAC автобусының жүргізушісі кері бағытта келе жатып, баланы қағып кеткен. Салдарынан бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Алматы маңында жеті жасар баланы автобус қағып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар