Әлем
1 мин оқу 80

Қырғызстанда мектеп оқушылары тәттіден уланып қалған

<p style="text-align: justify;">Қырғызстанның Шу ауданы Искра ауылында мектеп оқушылары кәмпит пен тәтті спрей тамақтан уланып қалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қырғызстанда мектеп оқушылары тәттіден уланып қалған

Шу облысы ІІБ-нің мәліметінше, 27 қарашада Тоқмок қалалық ауруханасына Искра ауылының кәмелетке толмаған 12 тұрғыны (2012, 2009, 2008 ж.т.) тамақтан улану диагнозымен түскен. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, барлығы үйлеріне шығарылған.

Аталған факті тіркеліп, тергеуге дейінгі тексеру амалдары басталған.

7-сыныптың 12 жасар оқушысы Искра ауылының қоқыс полигонынан «BEN 10» кәмпиттері мен бөтелкедегі тәтті спрей пакетін тапқаны анықталған. Артынша балалар тәттілерден уланған.

Өнімдер тәркіленіп, сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының жағдайы тұрақты деп бағаланған.

Бөлісу:
Қырғызстанда мектеп оқушылары тәттіден уланып қалған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар