Көрме
1 мин оқу 100

Қылқалам құдіреті

<p style="text-align: justify;">Облыстық музей-қо&shy;рықта белгілі қыл&shy;қа&shy;лам шебері Құдаш Нұр&shy;садықовтың &laquo;Құді&shy;рет&raquo; атты жеке сурет көрмесі ашылды. Музейді жағалап, өнерді бағалап келген елде есеп жоқ.</p>

Қылқалам құдіреті

Кескіндеме жанры­ның әккі ше­бері Құдаш Дәулет­хан­ұлы Үлкен Нарын ауданы, Үш­төбе ауылында туған. Бала жастан өнерге құмар ол Семей мем­лекеттік педагогикалық уни­верситетінің көркемсурет-графика факультетін тә­мам­дап, ұстаздық жолға түс­кен. Шәкірт тәрбиелей жү­ріп, өзінің шеберлігін де шыңдаған. Алыс-жақын шетелдерде өтетін симпозиумдардан да қалмауға тырысады. Сонау жылдардан қолынан қылқа­ламын тастамай, осы уақытқа дейін түрлі жанрда жүздеген картина жазыпты. Іріктелген жұмыстарын топтастырып, бұған дейін де бір­неше рет жеке көрмесін ұйым­дастырған. Ал мына көрмесі тіптен ерекше. Шы­ғармалары әртүрлі жанрда. Алтайдың тұмса табиғаты да, тұрмысы да қамтылған. Портреттер де баршылық. «Құ­дірет» десе, құдірет. Қыл­қалам ұшымен мынау дүниедегі бар сұлулықты сезін­діреді. Сұлулыққа құмар ұстаздың шәкірт інілері де көр­медегі тың туындыларға ынта қоя қарап, пікірлесіп жатты.

ва

– Шығыста суретшілердің басын қосып, бағыт-бағдар беріп жүретін Құдаш Дәулет­қанұлын ұстаз санаймыз. Өзі үнемі ізденіс үстінде жүреді. Құдаш ағаның салған картиналарын да жазбай танимыз. Бояу жағу стилі ерекше. Еңбекқорлығына басымызды иеміз, – дейді ізін басып келе жатқан шәкірті Мәди Қайырханұлы.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, Құдаш Нұрсадықов сурет студиясын ашып, кішкентай шә­кірттерді де өнерге баулып жүр. Олардың ішінде жеке көрмесін өткізіп, респуб­ли­калық байқаулардан жүлде ал­ғандары да жоқ емес. 

Өскемен

Бөлісу: