Көрме
2 мин оқу 100

Тарихи тұлғалардың күрескерлік шежіресі

<p style="text-align: justify;">Астанада &laquo;Тарихи тұл&shy;ғалар туралы толғам&raquo; атты көрме ашылды. Тәуелсіздік күніне орай ұйым&shy;дастырылған іс-шара мемлекет қай&shy;рат&shy;керлері Мұ&shy;хаметжан Тыныш&shy;баев&shy;тың 145, Мұс&shy;&shy;тафа Шо&shy;қайдың 134, Сәкен Сейфул&shy;лин&shy;нің және Тұрар Рыс&shy;&shy;құлов&shy;тың 130 жыл ме&shy;рей&shy;той&shy;ларына арналған.</p>

Тарихи тұлғалардың күрескерлік шежіресі

Президент іс бас­қар­масына қарасты Пре­зиденттік орта­лықта ашылған көрменің мақ­саты – тарихи тұлғалардың рухани мұрасын кеңінен насихаттау. Ол үшін Ұлттық архивтен, Сәкен Сейфуллин музейінен, Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейінен, Тұрар Рысқұлов атындағы Түлкібас аудандық тарихи-өлкетану музейінен, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің қор­ларынан фотосуреттер мен құжаттар алынған.

ап

– Бұл – болашақ ұрпақ үшін өте маңызды. РКФСР Халық Комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болып 11 жыл қызмет істеген, Тұрар Рысқұловтың еңбегі ұшан-теңіз. XX ғасырдың 30-жылдары Бүкілодақтық коммунистік пар­тияның орталық комитетіне бұрын-соңды болмаған аш­тыққа ұшыраған қазақ хал­қының тағдыры туралы үндеулердің есебі­нен Қазақстанға азық-түлік кө­­мегін көрсету мәселесі ше­шіл­генін ерекше атап өту керек, – деді Т.Рыс­құловтың немересі Адель Рысқұлова.

Ұйымдастыру аясында жүр­гізілген іздестіру-жинақтау жұмыстарының нәтижесінде алынған М.Шоқайдың 1920–1930 жылдары қолданған жазу мәшіңкесі, «Яш Түркістан» жур­­налын шығару барысында пайдаланған мөрлері, Тұрар Рысқұловтың редакциясымен жарық көрген «Восстание 1916 года в Киргизстане» кі­табы, «АЛЖИР» тұтқыны Әзи­з­а Рысқұлованың сандығы, «Хашия Радия Мұхтар» кіта­бы, сия сауыт, күрсі сынды түпнұсқа жәдігерлер көрер­мендердің ерекше қызығу­шылығын тудырды.

пр

– 1991 жылы қол жеткізген тәуел­сіздік – еліміздің өз бос­тан­дығы, ар-намысы, абыройы, бірлігі мен туған жерінің тұ­тастығы үшін сан ғасырлық күресінің қисынды нәтижесі. Биыл мерейтойларын атап өте­тін қазақ халқының біртуар перзенттері – М.Тынышбаев, М.Шоқай, С.Сейфуллин, Т.Рыс­­құловтың қызметі де осы ше­жіренің даңқты парағына ай­налды. Халқымыздың еге­мендікке жету жолындағы бас­ты белестерді еске сала оты­­рып, мемлекеттігіміздің қа­лып­тасуы мен дамуында елеу­лі рөл атқарған Алаш және Түр­кістан автономияларын еске алу, кейінгі ұрпаққа насихаттау бүгінгі біздің парызымыз, – деді Президенттік орталық директоры Бақытжан Темірболат.

о

Айта кетейік Президенттік орталықтың кітапхана және музей қорларынан экспонаттар мен кітаптар, мемлекет қай­раткерлері туралы тарихи құ­жаттар қойылды. Барлығы 170-ке жуық материал орналас­тырылды.

Бөлісу:
Тарихи тұлғалардың күрескерлік шежіресі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар