Ауа райы
1 мин оқу 100

Ауғанстанда қалың қар жауып, 3 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Сенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Бадахшан провинциясында қар қалың жауып, соның салдарынан болған аяздан үш адам ажал құшты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ауғанстанда қалың қар жауып, 3 адам қаза тапты

Шетелдік БАҚ дерегінше, жұма күні күндіз Рағыстан ауданындағы Навабад ауылында қайғылы оқиға болған: үш бала басқа ауылға кетіп бара жатып, қалың қар мен суықтың салдарынан жолда қайтыс болған.

Сондай-ақ қалың қар мен аяз кей жерлерде көлік кептелісіне әкелді, соның ішінде Кабулды солтүстіктегі тоғыз провинциямен және Орталық Азия елдерімен байланыстыратын маңызды жол болып табылатын Саланг асуы да бар.

Бадахшанда жыл сайын қатты аяз болып, қар жауады, бұл халық үшін күрделі мәселелер туғызады.

Бөлісу:
Ауғанстанда қалың қар жауып, 3 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар