Аймақтар
1 мин оқу 80
Павлодар облысында өртенген мейрамханадан 13 газ баллоны шығарылды
<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында жол бойындағы мейрамханада өрт шығып, төтенше жағдайлар қызметкерлері жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

1 желтоқсанда Павлодар–Астана тас жолының бойындағы мейрамхана ғимаратында өрт шыққан. Жалын 40 шаршы метр аумақты қамтыған.
«Жарылыс қаупінің алдын алу мақсатында өрт шыққан ғимараттан әрқайсысы 50 литрлік 13 газ баллоны шығарылды», – деп мәлімдеді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің хабарлауынша, өрт санаулы минуттарда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу: