Сәбит Мұқановтың қызы қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Белгілі қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың қызы Баян Мұқанова қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қаралы хабарды Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражай кешені естіртті.
- Марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз, - делінген хабарламада.
Сәбит Мұқанов (1900–1973) – қазақтың көрнекті жазушысы, ақын және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. 1943-1951 жылдары Қазақстан жазушылар одағын басқарды.
Оның әйгілі шығармаларының қатарында «Ботагөз», «Сырдария» романдары мен «Өмір мектебі» өмірбаяндық трилогиясы бар. Оның қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.
Баян Мұқанова отбасының ғылыми дәстүрін жалғастырып, саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнады. Ол химия ғылымдарының кандидаты, ауыл шаруашылығы институтында сабақ берді.