Оқиға
1 мин оқу 76

Қарағандыда екі көлік соқтығысты

<p style="text-align: justify;">Қарағанды ​​облысындағы тас жолда екі көлік соқтығысып, жол апаты салдарынан жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қарағандыда екі көлік соқтығысты

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты кеше, 1 желтоқсанда Алматы-Екатеринбург тас жолының 1045-ші шақырымында болған.

«Hyundai және Volkswagen Golf көліктері жол-көлік оқиғасына ұшырады. Апат салдарынан 12 жастағы жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Көлік құралдары механикалық зақымданған», делінген хабарламада.

Аталған оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

Бөлісу:
Қарағандыда екі көлік соқтығысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар