Теннис
1 мин оқу 90
Теннисші Әмір Омарханов Мексикада жеңімпаз атанды
<p style="text-align: justify;">Мексиканың Мерида қаласында жасөспірімдер арасында бірінші санаттағы ITF J500 турнирі аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Olympic.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Әмір Омарханов Ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сайыста жеңіске жеткен.
Финалда Әмір мен Тимофей турнирдің бірінші нөмірлі спортшылары – чехиялық Петр Брунлик пен британдық Чарли Робертсонды 6:4, 6:1 есебімен ұтты.
Ал жекелей сында Омарханов жартылай финалда француз Томас Фурельге 2:6, 3:6 есебімен жол берген.
Бөлісу: