Қаржы
1 мин оқу 193

Доллар бағамы 524 теңгеге жетті

<p style="text-align: justify;"><span style="text-align: justify;">Ұлттық банктің бір доллар үшін бекіткен бүгінгі ресми бағамы 511,22 теңгені құрады, деп хабарлайды&nbsp;</span><a style="text-align: justify;" href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a><span style="text-align: justify;">.</span></p>

Доллар бағамы 524 теңгеге жетті

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 524,58 теңгені құрады.

Kurs.kz мәліметінше Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 526,66 теңгеден, ал Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 535,83 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, бүгін экономика министрі теңге бағасының әлсіреуіне сыртқы негізгі үш фактор: доллардың жаһандық нығаюы, мұнай бағасының арзандауы және рубльдің әлсірегені әсер еткенін айтқан болатын.

Бөлісу:
Доллар бағамы 524 теңгеге жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар