Қоғам
1 мин оқу 80

Ұлт өнеріне көрсетілген құрмет

<p style="text-align: justify;">Орал қаласындағы &laquo;Атамекен&raquo; өнер ордасының алдына &laquo;Үкілі домбыра&raquo; мүсіндік композициясы орнатылды.</p>

Ұлт өнеріне көрсетілген құрмет

Ғарифолла Құрманғалиев атында­ғы Батыс Қазақстан облыстық филармо­ниясының бас ғимараты алдына қойыл­­­ған өнер туындысының авторы – Суретшілер одағының мүшесі Ерғали Бекешев.

Ескерткіш кешен тот баспайтын асыл металдан жасалған. Мүсіндік композицияға Орал қаласындағы «Ал­тын Алма» компаниялар тобының ди­ректоры Александр Елькин демеуші­лік етіпті.

Орал қаласының көркіне көрік қосқан жаңа туындының ашылу салтанатына филармония директоры Бауыржан Халиолла, күйші Ермек Қа­зиев,  «Байтақ» жасылдар партиясының Батыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы Бақытжан Мұштанов, композициялық мүсін авторы Ерғали Бекешев қатысып, сөз сөйледі.

– Бүгін ерекше сәт, айтулы күн болып тұр. Өйткені Қадыр ағамыздың нақылға айналған «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзі бәрімізге таныс қой. Ендеше, домбыраға қойылған ескерткіш – ұлтымызға, ұлт өнеріне көрсетілген құрмет! – деді Ақ Жайық өңірінде жүрген халық дом­­бырашыларының бүгінгі көзі тірі қария­сы Ермек Қазиев.

Батыс Қазақстан облысы 

Бөлісу:
Ұлт өнеріне көрсетілген құрмет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар