Арнаға ағаш отырғызды

<p style="text-align: justify;">Өткен аптада Жам&shy;был ауда&shy;нының Ұзын&shy;ағаш ауылында &laquo;Таза Қа&shy;зақстан&raquo; респуб&shy;ли&shy;калық акция&shy;сы аясында сенбілік ұйым&shy;дас&shy;ты&shy;рылды. Маңызы зор іс-ша&shy;раға мемлекеттік қыз&shy;&shy;&shy;&shy;мет&shy;керлер мен ауыл тұр&shy;&shy;&shy;ғындары, белсенді жас&shy;тар атсалысты.</p>

Арнаға ағаш отырғызды

Сенбілік барысында аудан орталы­ғы­ның «Ал­тын асық» ша­ғын ауданына 100-ге жуық адам жиналып, ауыл ішімен өте­тін өзен арнасына ағаш екті. Бұдан бұрын бұл арада көпір салынып, төңірегіне тал-терек отырғызылған. Олардың қа­тары 400 түп әртүрлі ағаш көше­тімен толық­ты.

«Бұл жолғы экологиялық сен­білікке мың түп көшет алынып, соның 400-і осы өзен арнасына отырғызылды. Ал қалған 600 көшет басқа ауылдарға бөлініп бе­рілді. Яғни бұл күні басқа ауыл­дық округтерде де осын­дай сен­білік өткізілді. Жалпы, биыл ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» эко­логиялық акциясы аясында Жам­был ауданында 9600 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Көк­темде соның 4800 түбі егіл­ді, ал қал­ған жартысы күз айларында аудандағы 24 ауыл­дық округ­те отыр­ғы­зылып жа­тыр. Белгі­ленген жос­пар жыл со­ңына дейін толықтай аяқ­талады», деді ауда­н әкімінің орынбасары Абзал Нұрпейісов.

 

Алматы облысы

Бөлісу:
Арнаға ағаш отырғызды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар